Президенттің биылғы Жолдауында айтылған жасанды интеллектті денсаулық сақтау саласына енгізу бастамасы – медицинадағы үлкен бетбұрыс деп есептеймін. Қазіргі заманғы диагностика, деректерді талдау, аурудың алдын алу жүйелерінің барлығы технологияның дамуына байланысты.
AI көмегімен диагнозды ертерек анықтап, емдеу сапасын арттыруға толық мүмкіндік бар. Бұл әсіресе ауылдық жерлердегі дәрігерлер үшін аса қажет, себебі кей жағдайда күрделі талдауларды жылдам жүргізуге жағдай бола бермейді.
Сонымен қатар, цифрлық денсаулық жүйесі пациентке де, медицина қызметкеріне де қолайлы. Электронды құжаттама, онлайн кеңес беру, науқастардың деректерін жинақтап сақтау — уақытты үнемдеп, жұмыс тиімділігін арттырады.
Президент ұсынған реформалар денсаулық сақтау саласын жаңа деңгейге көтеріп, халықтың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік беретініне сенімім мол.
Бралиева Гүлдана


