Президенттің биылғы Жолдауында кәсіпкерлер еліміздің цифрлық дамуының негізгі қозғаушы күші болуы тиіс екені ерекше атап өтілді. Бұл – бизнеске қойылған жаңа талап емес, керісінше жаңа мүмкіндіктердің бастамасы.
Цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізу – тек мемлекеттік органдар үшін емес, жеке кәсіпорындар үшін де өнімділікті арттырудың, шығынды азайтудың және жаңа нарықтарға шығудың ең тиімді жолы. Президент айтқандай, артық рәсімдер мен кедергілер жойылып, бизнеске қолдау күшейтілетін кезең басталды.
Кәсіпкерлер осы мүмкіндікті пайдаланып, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті батыл енгізсе, Қазақстанның жаңа экономикалық серпінін қамтамасыз ететін дәл солар болады.
Мирғали Габдушев,
кәсіпкер


