Қоғамға қажетті мамандар

(0 Votes)

Қазіргі таңда еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды даярлау – мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар міндеттердің бірі. Осы бағытта Атырау облысы, Индер ауданында орналасқан Индер көп бейінді колледжі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Колледж техникалық және кәсіптік білім беру саласында көпжылдық тәжірибеге ие. Оқу орнында өндіріс пен қызмет көрсету салаларына қажетті білікті жұмысшы кадрларды даярлау жолға қойылған. Білім беру бағдарламалары еңбек нарығының нақты сұранысына сай әзірленіп, теория мен практиканы ұштастыруға негізделген.

Индер көп бейінді колледжінде ауыл шаруашылығы, құрылыс, дәнекерлеу, тамақтандыру, электр және ақпараттық технологиялар бағыттары бойынша жұмысшы мамандықтар дайындалады.

Атап айтқанда, тракторшы-машинист, электргазбен дәнекерлеуші, аспаз, сылақшы, электромонтер, компьютер техникасының операторы сынды мамандықтар бойынша жастар білім алады.

Бүгінде Индер көп бейінді колледжі – жастарды адал еңбекке баулып, ел экономикасына қажетті нағыз жұмысшы мамандарды даярлайтын сенімді оқу орнына айналып отыр

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында аудан әкімі еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы кадрларды даярлауға қосқан үлесі үшін Индер көп бейінді колледжінің өндірістік оқыту шеберлерін марапаттады. Бұл марапат – колледж ұжымының кәсіби еңбегіне берілген жоғары баға болып табылады. 

Дендер Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT