Парламенттік реформалар халық пен билік арасындағы байланысты күшейтуге бағытталады. Мәжіліс пен мәслихаттарға әділ, ашық сайлау өткізу, партиялардың бәсекелестігін арттыру – халықтың даусын шынайы түрде естуге жол ашады. Бұл – халықтың тағдырына тікелей әсер ететін өзгеріс.
Президенттің бұл пікірі елдегі саяси жаңғырудың терең сипатқа ие екенін білдіреді. Парламенттік реформа тек құрылымдық өзгеріс емес, ол – билік пен халық арасындағы жаңа қарым-қатынас моделін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Сондықтан бұл мәселенің ел тағдырына қатысы бар екені – өте орынды және уақтылы айтылған тұжырым.
Фархад Қисымов,
Ішкі істер саласының ардагері