Нашақорлық – есірткіге немесе психотроптық затқа тәуелділікке әкелетін кесел. Бұл өте қорқынышты ауру, адамның денсаулығына ғана емес, оның отбасына, қоршаған ортаға, жалпы қоғамға қауіп төндіретін дерт.
Қазіргі таңда жасөспірімдердің осы кеселге көп ұшырасып жатқаны белгілі. Есірткіге тәуелділікті емдеу қиын. Ең алдымен, ми зардап шегеді. Адамның ерік–жігерін жойып, оны рухани әрі физикалық тұрғыдан әлсіретеді. Уақыт өте келе есте сақтау қабілеті нашарлайды. Есірткіні үнемі қабылдау ағзаның созылмалы улануына себеп. Сондықтан денсаулыққа салғырт қарамай, зиянды әрекеттен аулақ болған абзал.
Нашақорлықпен күресу – тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әр ата-ана, әр ұстаз, әр азамат жастарға дұрыс бағдар беруге атсалысуы тиіс. Есірткінің жолы – тығырық. Өміріңізді өзіңіз таңдаңыз – салауатты өмір салтын ұстаныңыз!
Г.ДОСТЫБАЕВА,
Теңіз ауылдық округі әкімі аппаратының
бас маманы


