Қазақстанда биыл 269 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

(0 Votes)

KAZINFORM – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 269,1 мың адам қамтылды, ал 607,3 мың қазақстандық тұрақты жұмысқа орналасты.

Министрліктің дерегінше, субсидияланатын жұмыс орындарына 153,6 мың адам жұмысқа орналасқан. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында – 12,7 мың адам, жастар тәжірибесінде – 21,5 мың адам, қоғамдық жұмыстарда – 96,6 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында – 17 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша – 5,6 мың адам, ал «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы шеңберінде – 241 адам жұмыспен қамтылды.

- Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 53 мың жұмыссыз қамтылып, олардың 49,1 мыңы оқуын аяқтады. Ал «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне 45,6 мың адам оқытылып, 25,9 мың адам сертификат алды.

Сонымен қатар жұмыс берушілердің өтініші негізінде 8 075 адам кәсіби оқуға жіберілді. Оның ішінде 2 541 адам оқуды аяқтап, 1 065 адам жұмысқа орналасты. Кәсіптік бағдарлау орталықтарында 304,3 мың азамат кеңес беру және бағыттау қызметін алды, - делінген ақпаратта.

Министрлік азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асатынын, ал нақты жұмысқа орналасқан факті міндетті зейнетақы жарналарының түсуімен расталатынын атап өтті.

Мәселен, 2025 жылғы 1 қазанға дейін 607,3 мың адам жұмысқа орналастырылған. Оның ішінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары арқылы – 153,6 мың адам, Электрондық еңбек биржасы арқылы – 142 мың адам, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға – 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде – 283 мың адам, орталық мемлекеттік органдар іске асыратын жобалар аясында – 28,7 мың адам жұмысқа тұрды.

Биыл халықтың әлеуметтік осал санаттарына жаңа бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін 400 АЕК-ке дейін (1 572 800 теңге) көлемінде 9 мың грант беру жоспарланған. 2025 жылғы 1 қазанға дейін республика бойынша 8 964 грант берілген.

Айта кетейік, Астанаға жақын ауыл маңынан жалақысы 450 мың теңгелік жұмыс орындары ашылады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT