Президенттің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында елімізге қомақты инвестиция тартудың маңыздылығы айрықша атап өтілді. Қазіргі әлемдік бәсекеде мемлекеттер инвестиция үшін таласып жатқан кезеңде, Қазақстанның да бұл бағыттағы саясатын жаңаша қарап, тиімді тетіктерді іске қосуы қажет екені айтылды.
Инвестицияның басым бөлігі әлі де шикізат салаларына бағытталып отырғанымен, ендігі міндет – өңдеу өнеркәсібі, жоғары технологиялар және экономиканың қосымша құн әкелетін салаларына қаржы тарту. Бұл елдің тұрақты әрі сапалы дамуына ықпал етеді.
Жолдауда инвесторлармен жұмыс жүйесін жеңілдету, инвестициялық саясатты үйлестіру, салықтық жеңілдіктерді тиімді пайдалану және заңсыз активтерді қайтару мәселелері де нақты көтерілді. Бұл шаралар инвестициялық ортаға сенімді арттырып, жаңа жобалардың жүзеге асуына жол ашатыны атап өтілді.
Жалпы, инвестиция тарту – Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсімін қамтамасыз ететін негізгі басымдық екені көрсетілді.
Асқар Мұфтах,
аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары


