Президент Жолдауы экономиканы жан-жақты цифрлық жаңғыртудың жаңа бағыттарын айқындап отыр. Бұл үдеріс ең алдымен адам капиталын дамытуды талап етеді. Өйткені жаңа технологиялар дәуірінде, әсіресе жасанды интеллектті меңгерген мамандарсыз, елдің цифрлық реформалары толық жүзеге аспайды.
Қазір әлемдік еңбек нарығы тез өзгеріп, AI технологияларын қолдана алатын кадрларға сұраныс еселеп артып келеді. Сондықтан мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін жасанды интеллект негіздерін оқыту, цифрлық құзыреттерді қалыптастыру — уақыт талабы.
Яғни, цифрлық жаңғырудың табысты болуы инфрақұрылымға ғана емес, AI-ды еркін игерген, бәсекеге қабілетті жаңа буын мамандарына тікелей байланысты.
Қайрат Насипов,
аудандық салық басқармасының басшысы


