Экономиканы цифрландыру – жаңа дәуірдің талабы

(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында еліміздің экономикалық дамуының басты бағыты ретінде цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізуді атап өтті.

Бұл — жаңа дәуірдің басты талабы. Цифрлық технологиялар өндіріс пен қызмет көрсету салаларын жаңартып, еңбек өнімділігін арттыруға және бизнес үдерістерді жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы атап өткендей, жасанды интеллект – тек IT саласына емес, бүкіл экономикаға серпін беретін күш. Оны тиімді пайдалану арқылы Қазақстан өңірлік инновациялық орталыққа айнала алады. Осы бағытта мамандар даярлау, білім мен ғылымды технологиямен ұштастыру – басты міндет.

Жолдауда көтерілген бастамалар елдің экономикалық әлеуетін арттырып, әлемдік цифрлық бәсекелестікке жол ашады.

Оразғалиева Ақмарал

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT