Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында экономиканы әртараптандыру, инновация мен технологияны дамытуға ерекше назар аударылды.
Мемлекет басшысы ұлттық өндірісті қолдау, жаңа инвестиция тарту және еңбек өнімділігін арттыру арқылы экономикалық өсімді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Бұл бастамалар елдің тұрақты дамуына және халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған маңызды қадамдар болып табылады. Жалпы Жолдаудың жеті бағыты да еліміз үшін өзекті мәселелерді көтеріп, халықтың әл-ауқатын, мемлекетіміздің өркендеуін негізге алып отыр. Оларды жүзеге асыру бүгінгідей заманда басты міндет екені айқын.
Ақмарал Қыдырқызы