Аудан бойынша «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне 2024 жылдың 12 айында жеке және заңды тұлғалардан барлығы 948 өтініш тіркелді.
Өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда өтініштер саны 151 өтінішке азайып отыр (2023 жылдың 12 айында 1099 өтініш түскен). Оның ішінде арыздар – 481, шағымдар – 13, басқалары (сұрау салулар, хабарламалар, ұсыныстар, үн қосулар – 454). Соның ішінде аудан әкімі аппаратына 475 өтініш түсті. Өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда өтініштер саны 61 өтінішке артып отыр (2023 жылдың 12 айында 414 өтініш түскен). 2024 жылдың есепті кезеңінде жоғары тұрған мемлекеттік органдардан: облыс әкімі аппаратынан – 32, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасынан – 2, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасынан – 2, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінен – 1, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан – 1, Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан – 1, Атырау облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасынан –1, аудандық прокуратурадан – 5, аудандық «Аmanat» партиясының филиалынан – 3, облыстық «Amanat» партиясынан 2 өтініш түсіп, тіркелді. 10 өтініш қаралуда. Ағымдағы жылдың 12 айында барлығы 911 өтініш қаралды. Оң шешілгені – 325. Соның ішінде, жер мәселесі бойынша – 125, әлеуметтік мәселе – 3, құрылыс мәселесі – 3, коммуналдық шаруашылық мәселесі – 11, жұмыспен камту – 16, мәдениет және спорт, ономастика –16, ауыл шаруашылығы – 1, тағы басқа мәселелер бойынша 150 өтініш оң шешілді. Жеке және заңды тұлғалардан ағымдағы жылдың 12 айында түскен өтініштердің мәселелері: тұрғын үймен қамту – 120, әлеуметтік көмек және зейнетақы – 23, жер және жерді пайдалану – 219, коммуналдық шаруашылық – 112, құрылыс – 12, жұмыспен камту – 46, ауыл шаруашылығы – 3, кәсіпкерлік – 6, білім – 3, мәдениет және спорт, ономастика – 56, басқа да мәселелер – 312. Осылардың ішінен 36 өтініш басқа мемлекеттік органдарға құзіреті бойынша қарауға жолданды. Есептік кезеңде аудан әкімімен барлығы – 33, аудан әкімінің орынбасарларымен 15 қабылдау өткізіліп, аудан әкімімен – 139, аудан әкімінің орынбасарларымен 29 азаматтың жеке қабылдауы ұйымдастырылды. Қабылдау кезінде 168 азаматқа тұрғын үй, жер және жерді пайдалану, жұмыспен қамту, коммуналдық-шаруашылық, басқа да мәселелер бойынша заң шеңберінде түсінік берілді. Сегіз өтініш қанағаттандырылды. Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov.kz сайтына және ауданның «Серпер» баспасөз бетіне жарияланып отырылды.
Айнұр ХИДУЛЛИНА,
аудан әкімдігі жалпы бөлімінің бас маманы


