Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Жолдауында білім беру саласына ерекше мән берілуі – еліміздің болашағы үшін жасалған маңызды қадам деп санаймын. Қазіргі жаһандану мен технологиялық даму дәуірінде білім – басты капитал. Сондықтан білім сапасын арттыру, ұстаздардың мәртебесін көтеру және заманауи оқу бағдарламаларын енгізу – дер кезінде көтерілген өзекті мәселелер.
Президент атап өткендей, ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасы тең болуға тиіс. Бұл – білімдегі әділеттілікті қамтамасыз ету жолындағы нақты қадам. Ауылдағы балалар да сапалы білім алып, жоғары бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Осы мақсатта интернетке қолжетімділікті арттыру, жаңа мектептер салу және мұғалімдерді ынталандыру сияқты шаралар маңызды рөл атқарады.
Сондай-ақ, педагогикалық бағытта оқитын студенттерге қолдау көрсету, білім беру бағдарламаларын заман талабына сай жаңарту мәселелері де назардан тыс қалмады. Бұл – келешекте кәсіби әрі жаңашыл мұғалімдер корпусын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Білім беру саласын дамыту – ұзақ мерзімді инвестиция. Президенттің бұл бағытта ұсынған бастамалары ел болашағына деген сенімді арттырады. Ендігі кезекте, осы жоспарлар нақты іске асып, әрбір баланың сапалы білім алуына жағдай жасалуы керек деп ойлаймын.
Нұрсұлтан Жұмабаев,
Ломоносов орта мектебінің АӘД пәнінің мұғалімі