Арыз артында адам тағдыры

(0 Votes)

2025 жылдың төрт айында аудан бойынша «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 304 өтініш келіп түскен. Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда өтініштер саны 32-ге артып отыр. Оның ішінде, арыздар – 179, шағымдар – 6, сұрау салу, үн қосу, хабарламалар – 03, ұсыныстар –16.

Аудан әкімі аппаратына – 147, округ әкімі аппараттарына – 106, дербес бөлімдерге 52 өтініш түсті. Барлығы 285 өтініш қаралды. Жеті өтініш құзіреті бойынша басқа мемлекеттік органға қарауға жіберілді. Заң талаптарына сәйкес түсінік берілгені – 78, оң шешілгені – 51, қараусыз қалдырылғаны – 14, орындалу үстінде – 18. «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі деректеріне сәйкес азаматтардың келесідей өзекті мәселелері анықталды: жер қатынастары – 76; тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық - 87; жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек – 6; білім – 2; кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы – 2;  мәдениет, спорт, ономастика – 8. Соның ішінде жер мәселесі бойынша – 39, коммуналдық шаруашылық мәселесі – 8, жұмыспен камту – 1, мәдениет, спорт, ономастика саласы – 5, құрылыс –1, ауыл шаруашылығы – 1, тағы басқа мәселелер бойынша 41 өтініш оң шешілді. Аталған кезеңде аудан әкімімен, мемлекеттік органдардың басшыларымен 177 қабылдау ұйымдастырылып, 390 азамат жеке қабылданды. Қабылдаулар нәтижесінде 100 өтініш оң шешілді, 285 өтінішке заң талаптарына сай түсінік берілді.
Азаматтарды қабылдау орталығына келген азаматтардың саны – 69. Оның ішінде кеңес алғандар саны – 18,  дербес бөлім басшылары жеке қабылдаған азаматтар саны – 11, жалпы тіркелген өтініштердің саны – 51. Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov.kz сайтына және ауданның «Серпер» баспасөз бетіне жарияланады.    

Қадыржан ӨТЕШОВ,
аудан әкімдігі аппарат басшысының міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT