Алты айдағы арыз-шағым

(0 Votes)

2025 жылдың алты айында аудан бойынша «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне жеке және заңды тұлғалардан барлығы 450 өтініш тіркелді. Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда өтініштер саны 0,91 %-ға артып отыр. (2024 жылдың 6 айында 410 өтініш түскен). Оның ішінде, арыздар – 261, шағымдар – 10, сұрау салу, үн қосу, хабарламалар – 147, ұсыныстар – 32.

Аудан әкімі аппаратына – 242, ауылдық округ әкімі аппараттарына – 138, ауданның дербес бөлімдеріне 70 өтініш түсті. Барлығы 403 өтініш қаралды. Аталған өтініштерді қарау нәтижесімен қабылданған шешімдер: заң талаптарына сәйкес түсінік берілгені – 301, оң шешілгені – 82, қараусыз қалдырылғаны – 20.  Орындалу үстінде – 35, құзіреті бойынша басқа мемлекеттік органға 18 өтініш қарауға жіберілді.

«е-Өтініш» ақпараттық жүйесі деректеріне сәйкес азаматтардың келесідей өзекті мәселелері анықталды:

Жер қатынастары – 118; тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық - 122; жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек – 14; білім – 2; кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы – 3; мәдениет, спорт, ономастика – 14, құрылыс – 4. Соның ішінде жер мәселесі бойынша – 53, коммуналдық шаруашылық мәселесі – 10, мәдениет, спорт, ономастика саласы – 6, құрылыс – 1, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы – 2, тағы басқа мәселелер бойынша 58 өтініш оң шешілді.

2025 жылдың 6 айында аудан әкімімен, мемлекеттік органдардың басшыларымен 228 қабылдау ұйымдастырылып, 524 азамат жеке қабылданды. Қабылдаулар нәтижесінде 125 өтініш оң шешілді, 338 өтінішке заң талаптарына сай түсінік берілді. Оның ішінде аудан әкімімен 21 қабылдау ұйымдастырылып, 84 азамат жеке қабылданды. Қаралуда – 15 өтініш.

Ағымдағы жылдың мамыр айында азаматтарды қабылдау орталығна келген азаматтардың саны  – 90. Оның ішінде: кеңес алғандар саны – 34,  мемлекеттік органдар басшыларының жеке қабылдаған азаматтарының саны – 56, орталықта тіркелген өтініштердің саны – 62.
Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov.kz сайтына және ауданның «Серпер» баспасөз бетіне жарияланады.

Д.ЕРДЕШОВ,
аудан әкімі аппаратының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT