БҮГІНДЕ БҮКІЛ ӘЛЕМ БОЙЫНША КҮРДЕЛІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ ҚАРАЛАТЫН АДАМ САУДАСЫ – АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ӨРЕСКЕЛ БҰЗАТЫН, ЕРКІНДІК ПЕН АР- НАМЫСТЫ ТАПТАЙТЫН АУЫР ҚЫЛМЫС.
Бұл қылмыс түрі еңбек пен жыныстық қанауға, күштеп жұмыс істетуге, мәжбүрлі некеге немесе ішкі ағзаларды заңсыз алуға алып келуі мүмкін. Қазақстан Республикасында адам саудасының алдын алу мақсатында заңдар қабылданып, арнайы мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Соған қарамастан, бұл қылмыстың жасырын сипаты оны анықтауды және алдын алуды қиындатады.
Адам саудасының белгілері қандай?
– Жеке құжаттарының болмауы немесе еркін алып қою;
– Өз еркімен қозғала алмауы;
– Еңбекақының төленбеуі, қорқыту, күш көрсету белгілері;
– Жұмыс орны туралы нақты ақпараттың болмауы.
Қалай сақтануға болады?
– Шетелге шығу алдында тексерілген мекемелер мен агенттіктер арқылы жол жүру;
– Жеке құжаттарды ешкімге бермеу;
– Жұмыс шартын мұқият оқу;
– Қауіп сезілсе – бірден құқық қорғау органдарына немесе сенім телефондарына хабарласу.
Г.ДОСТЫБАЕВА,
Теңіз ауылдық округінің бас маманы


