Журналистер Жаңақорғанда демалуда

(0 Votes)

"Атырау-Ақпарат" медиахолдингінің бас директоры Ысқақ Егембердиев тамыз айында медиахолдинг ұжымымен өткізген алқалы мәжілісінің бірінде кәсіподақ комитетінің жұмысын жандандыруды тапсырған еді. Көп ұзамай оның нақты нәтижелері де көріне бастады.

Нақтырақ айтқанда, бас директордың орынбасары Рауан Сәбитұлының тікелей қолдауымен және медиахолдинг кәсіподақ комитетінің төрағасы Қаршыға Көшековтің ұйтқы болуымен Қызылорда облысындағы "Жаңақорған" емдеу-сауықтыру шипажайы әкімшілігімен екі жаққа да тиімді келісімге қол жеткізілді.

demalys

demalys1

Нәтижесінде серіктестіктің алты бірдей газет және баспа қызметкерлері онкүндік тегін жолдамамен қамтамасыз етілді.

demalys2

Қазіргі таңда облыстық "Атырау", аудандық "Серпер", "Дендер", "Кең Жылой" газеттерінің журналистері мен баспахана қызметкері "Жаңақорған" шипажайында демалып, әрі ем алу үстінде. Серіктестіктің кәсіподақ комитеті FlyArstan әуе компаниясымен келісіп, демалушылардың Атыраудан Қызылорда қаласына дейінгі билет ақысын да өз мойнына алды.

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521