Қышыма қотыр – жұқпалы

(1 Vote)

Аудан бойынша 2022 жылдың 9 ай қорытындысымен қышыма, дерматомикоз  аурулары, алдыңғы жылмен салыстырғанда  2 есеге  өскені байқалуда. Балалармен бірге ересектердің арасында тері аурулары тіркеліп отыр. Сондықтан оның таралуын болдырмау мақсатында  назарларыңызға ауру туралы мәліметпен бөліскелі отырмыз.

Тері жұқпалы ауруларының бірі - қышыма қотыр (чесотка). Оны қышыма қотыр кенесі таратады. Қышыма қотыр адамнан адамға жылдам жұғады. Үй жануарлары да аурудың таралуына себепші болады. Сондай-ақ, гигиеналық тазалық тәртібін сақтамаған жағдайда орын алады. Аурудың жасырын кезеңі 7 күннен 10 күнге дейін, кейде 1,5 айға дейін созылуы мүмкін. Қышыма күзгі-қысқы уақыттарда көптеп тіркеледі. Соңғы кездері оның қатты қышып адамның мазасын алмайтын, бөрткені де қаптап шықпайтын жеңіл түрі жиі кездеседі. Адамда тек беті қабыршықтанған бірлі-жарамды ғана бөрткендер байқалады. Белгілеріне тоқталсақ, қол саусақтар арасында, кеуде мен іштің, санның, аяқтың терісінде қышып, бөртпелер пайда болады. Ауру әсіресе адамды түнде мазалайды. Қаси берген соң микробтар теріге өтіп тіптен асқына түседі.

Тері ауруларының белгісі байқала саласымен дер кезінде көрініп нәтижелі ем қабылдау керек. Қышымаға қарсы арнаулы емді тері ауруының дәрігері ғана жүргізеді. Ауырған адам өзін емдеуге болмайды, ең бастысы науқас тұтынған заттардағы паразиттердің көзін жою керек. Қотыры бар адам дер кезінде дәрігерге көрініп емделмесе, ол созылмалы ауруға айналады. Қотыр әсіресе кешке қарай жылы киінген кезде қатты қышиды. Қышынған адам денесін қасып қанатып алады. Ал қышыған жері асқынып іріңдейді.

Дерматомикоздар (микроспория,трихофития)  – теріде  саңырау құлақтық қоздырғыш тудыратын жұқпа кеселі. Ол негізінен тері мен шашты, тырнақты және басқа ағзалармен мен тіндерді зақымдайды. Адамның немесе жануарлардың ағзасынан тыс жерде өмір сүруге қабілетті. Оған қоса өзінің жұғымталдығын бірнеше жылдар бойы сақтай алады. Дерматомикоздын инкубациялық кезеңі орта есеппен 8-14 күнді, кейде 1 айды құрайды.

Ауруды жұқтырмас үшін әрбір 5-6 күн аралығында моншаға түсіп жуынып отыр укерек. Жеке гигиенаға аса мән беріп, іш киімдерді және төсек жаймаларын жиі-жиі ауыстырып, оларды жуып, үтіктеп отырған дұрыс. Аулада түрлі  жұмыстар атқарып келген соң қолды сабында мұқият жуу маңызды. Ауру белгілері байқалса оқшаулау шарасын алыңыз, дененің басқа бөліктеріне таралмас үшін суға түсуді, душ қабылдауды тоқтату қажет. Өздігіңізден, дәрігердің кеңесінсіз түрлі сықпа маймен, кремдермен емделуге болмайды.

Қышыма, дерматомикоз ауруына сәл күдіктенгенде дереу  тері-венеролог маманға көрінгеніңіз абзал. Дәрігерге ерте қаралу айналаңыздағыла таралмауын және одан тез сауығуыңызды қамтамасыз етеді.

 

М.ЖАНҒАЛИЕВА,

аудандық  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының

 эпидемиология бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521