Вакцина бедеулікке себеп емес

(1 Vote)

Тәжтажалға қарсы екпе алу қауіпті емес. Бағзы заманнан бері жайлаған түрлі жұқпалы аурудың алудың бірден-бір жолы – вакцина болған.

Бүгінде елімізде ресейлік Спутник V, отандық QazVac және қытайлық Hayat-Vax екпесі тұрғындарға егілуде. Бұған бірі сенсе, біразы екпе алудан қашып жүр. Бұған себеп, халықтың тек қаңқу сөзге еріп, өздігінен ізденбеуі себеп болып отыр. «Вакцина салдырасың ба?»деген сұраққа,  кімнен болмасын «жоқ» дейтін жауапты ғана естиміз. Ал, Денсаулық сақтау министрі Александр Цой, өз баяндамасында қазақстандықтардың 60 пайызы вакцинацияланған жағдайда ғана маскасыз режимнен құтыларын тілге тиек еткен еді. Осыған орай, тұрақты оқырмандарымызға  Coronavirus2020.kz сайтындағы індетке қарсы екпеге байланысты сұрақтарға жауаптарды ұсынуды жөн көрдік.

Вакцина бедеулікке әкеле ме? Жауап: «Коронавирусқа қарсы вакцина адамның ДНҚ-сын өзгертіп, бедеулікке әкеледі» деген еш негізі жоқ, қате пікір. Өйткені Ақпараттық РНҚ тек ағзаға вируспен күресетін ақуыз жасау керектігі жайлы хабарлап, адамда дертке қарсы табиғи иммуниет пайда болады.

Коронавирусқа қарсы вакцина қауіпті ме? Оның жанама әсерлері бар ма? Жауап: Қарсы көрсеткіштерді анықтау үшін вакцинаның қарсы көрсетілімдері, иммунизациядан кейінгі ықтимал көріністері, вакцинаны енгізу,сақтау және тасымалдау шарттары туралы толық мәліметтері бар вакцинаның нұсқаулығы талап етіледі. Осыған байланысты, қарсы көрсеткіштерді қазіргі уақытта тізіп шығу мүмкін емес. Адамның организмі кез-келген вакцинаны енгізуде иммунитетті қалыптастыратынын, сондай-ақ иммундаудан кейін дене температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы, вакцина орнында қызару мен ісіну сияқты жағымсыз көріністердің пайда болатынын атап айту маңызды.

Адамда коронавирустық вакцинаға аллергиялық реакцияның болуы мүмкін бе? Жауап: Медицина қызметкерлері кез-келген вакцинаны салмас бұрын адамның аллергиясы бар-жоғын анықтайды. Егер ауыр аллергиялық ауру болса, адамға вакцина салу медициналық тұрғыдан бас тартылады. Бұл ретте, аллергиялық реакцияны болжау мүмкін емес, себебі әрбір адамның организмі әр-түрлі. Уақтылы ден қою үшін адам вакцинация алғаннан кейін алғашқы 30 минут ішінде (медициналық мекеменің қабырғасында) дәрігердің бақылауында болуы керек: дәл осы аралықта вакцинаға аллергиялық реакция болуы мүмкін.

Неліктен вакцинаны екі кезеңде алу керек? Жауап: коронавирусқа қарсы вакцинаны 21 күндік аралықпен екі кезеңмен енгізу керек. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі антиденелер саны артады.

Интернетте халықты вакцинация арқылы жаппай чиптеу туралы айтылып жүр. Бұл қаншалықты ақылға қонымды? Жауап: Қазақстан Республикасында бірде-бір вакцинация адамды чиптеумен байланысты емес. Вакцинация жасамас бұрын, әрбір адам оның құрамы туралы ақпарат беретін нұсқаулықпен танысуға құқылы.

Неліктен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина тез әзірленді? Жауап: Пандемия кезеңінде осы вакцинаға аса қажеттілік туындады. COVID-19 вакцинасын әзірлеу бүкіл әлемде коронавирустық инфекцияны жаппай жұқтыру және адамдың жаппай өлімі орын алғандықтан, аса шұғыл жағдайда өтті. Бұдан басқа, фармацевтикалық компаниялар проблеманың ғаламдық деңдейде болуына байланысты вакцинаны тез әзірлеуге айтарлықтай ресурстар жұмсады. Бірақ оның жылдам әзірленуі компаниялардың қауіпсіздік хаттамаларын айналып өтті деген сөз емес.  

Вакцинацияцияның электрондық паспорты дегеніміз не? Жауап: Вакцинацияның электрондық паспорты дегеніміз – бұл вакцинаның медициналық тарихы. Бұл вакцина қабылдайтын халықты бақылау және мониторинг жүргізу және үздіксіз жүргізу үшін денсаулық сақтау саласындағы негізгі модуль . Вакцинацияның электрондық паспорты вакцинация ем-шарасынан өткеннен кейін тікелей eGov Mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді болады. Вакцинацияның электрондық паспорты азамат туралы, ол алған вакцинаның түрі, вакцинация ем-шарасының кезеңділігі, сондай-ақ вакцинациядан кейінгі кезеңдегі бақылау туралы ақпарат қамтылады.  

Сонымен қатар ағымдағы жылдың шілде айынан бастап вакцинация паспорты «Ashyq» қосымшасында біріктіріледі. Ол құжат адамның қандай дозаларды, препараттарды алғанын, қай күндерде емделгенін, талап ету орны бойынша QR-кодтың көмегімен паспортты көрсетуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көздерінен дайындаған Жайдарлым Еркебұланқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521