Сүт безі обырын анықтайтын скрининг

(0 Votes)

Сүт безі обыры - әйелдер арасында ең көп таралған қатерлі дерт әрі өлім деңгейі де өте жоғары.

Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің 2021 жылдың бірінші тоқсаны бойынша берген мәліметіне сәйкес облыста сүт безі обырына шалдыққан  – 879 науқас есепте тұр, олардың ішінен диагноз бірінші рет қойылғандар саны – 23 науқас. Сүт безі обырынан көз жұмғандар саны – 3 адам.

skrining

Сүт безі обырын анықтайтын скрининг әртүрлі зерттеу әдістерін пайдалана отырып, қатерлі ісікті ауру белгілері пайда болғанға дейін ертерек анықтауға мүмкіндік береді. Скринингтің мақсаты - белгілері әлі білінбеген обырды ерте анықтау және емдеу.

  • 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер екі жылда бір рет қаралып тұруы тиіс.
  • Онкоскринингтер қатерлі дерттің алдын алуға мүмкіндік береді, сондықтан тұрақты түрде өтіп отырған абзал.
  • Қала тұрғындары, меншіктің қай түрі болмасын, амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсететін ұйымдарға қаралады.
  • Ауыл тұрғындары, меншіктің қай түрі болмасын, медициналық пунктілерде, фельдшерлік-акушерлік пунктілерде, дәрігерлік амбулаторияларда, аудандық емханаларда, сондай-ақ жылжымалы медициналық кешендерде тексеріледі.

«Скринингтік зерттеулер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қамтитын қызметтер қатарына кіреді, сонымен қатар ТМККК аясында да жүргізіледі. Скринингтік зерттеулер, пациентті әрі қарай бақылау және емдеу шараларымен амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсететін ұйымдар айналысады, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем де бар» - деп тоқталды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры С. Құралбек.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521