Құрманғазыда өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар тіркелді

(0 Votes)

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде 41 адамнан COVID-19 анықталды.

Атап айтқанда, Атырау қаласында - 33, Жылыой ауданында - 1, Индер ауданында - 1, Құрманғазы және Махамбет аудандарында 3 адам. Коронавирустық инфекциясы бар 32 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 9 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан емделгендер жоқ. Қазір 806 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 39, аудандық инфекциялық стационарларда - 12 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.

 

Сурет ашық дереккөзден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521