Нипах вирусы - жануарлардан (жарқанаттар, шошқалар) адамға жұғатын, сондай-ақ жұқтырылған тағам өнімдері арқылы және науқас адаммен тығыз қарым-қатынас кезінде берілетін қауіпті зооноздық инфекция.
Бұл вирусқа қарсы вакцина мен арнайы емдеу әдісі жоқ, сондықтан жұқтыру қаупін төмендетудің негізгі жолы - алдын-алу шаралары. Инфекцияның берілу жолдары:
- Жарқанаттардан -сілекей, несеп,ластанған жемістер мен сусындар арқылы, аралық жануарлар арқылы (мысалы,шошқалар), адамнан адамға - негізінен жұқтырған адаммен тығыз байланыс кезінде. Аурудың негізгі белгілері:
Дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы, жалпы әлсіздік, кейіннен-сананың шатасуы, құрысулар,энцефилиттің дамуы, кома, ауыр пневмония.
Алдын-алу шаралары: - Шетелге сапарды жоспарлау кезінде эпидемиологиялық жағдайды алдын ала зерделеу,
Жарқанаттармен және басқада жануарлармен байланыстан аулақ болу.
- Жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау, қолды сабынмен жиі жуу немесе антисептиктер қолдану.
- Бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалану.
- Шикі құрма шырынын және жануарлармен ластануы мүмкін өнімдерді тұтынбау,
- Жемістер мен көкөністерді тұтынар алдында мұқият жуу және тазалау,
- Сапардан кейін дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, жөтел немесе басқа да белгілер пайда болған жағдайда дер кезінде медициналық көмекке жүгініп, дәрігерге қауіпті елде болғаны туралы хабарлау.
Б.Абилова, бас маман


