Қызылшадан сақтанайық!

(0 Votes)

Қызылша – ауа тамшылары арқылы жұғатын жұқпалы ауру. Бұл 100% жұқпалы ауру, яғни бұрын қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен байланысқа түссе, қызылшамен ауыру қаупі жоғары болады.

Вирус сыртқы ортаға сөйлеген кезде түкірікпен, жөтелген, түшкірген кезде бөлінеді. Инфекция көзі- ол қызылшамен ауырған адам. Ал 5-ші күнгі бөртпелері бар адам жұқтырмайды деп саналады. Бұл аурумен ауырып жазылған адам өмір бойы иммунитетін сақтайды.

Қызылша ауруындағы ең маңызды жайт ауру бөртпе шығудан басталмайды, ол суық тию белгілерімен басталады: дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі. Көздің шырышты қабығының қабынуы пайда болуы. Аурудың 3-5 күні ашық түсті бір-біріне өзара ұқсап кететін дақтар пайда болады. Ең алдымен олар құлақтың артында және маңдайда, содан кейін тез арада бет, мойын, дене және аяқ-қолға таралады. Ұсақ қызғылт дақтар тез арада үлкейіп, формасын өзгертіп, бір-біріне қосылып кетеді. Бөртпелер 4-7 күн сақталады.Дақтардың орнында қоңыр пигменттер қалады, олар 2 аптадан кейін кетіп,тері қайта таза болады. Қызылша ауруы әсіресе ұйымдасқан топтарда яғни мектеп, бала-бақшаларда таралуы тез өрбейді. Сондықтан медицина қызметкерлері күнделікті сүзбе жұмыстарын дұрыс жүргізу қажет. Сабақтан, бала-бақшадан қалған балалардың себебін анықтап, ауырған балаларды міндетті түрде медициналық анықтамамен қабылдаған жөн. Бала ауырып үйде жатып қалмай дер кезінде дәрігерге қаратып емін ерте бастау керек. Үстерінде қызыл дақтар бар балалаларды емдеу мекемелеріне апармай үйге дәрігер шақыртып қаратыңыз. Дер кезінде емделмеген қызылша ауруы ортаңғы құлақтың қабынуы, соқырлық, пневмония тағы басқа асқынуларды туындатады. Асқынбай тұрған қызылша ауруы үйде емделеді. Дәрігердің тағайындауымен суды көп ішіп қызу түсіретін, тұмау және қақырық түсіретін препараттар мен витаминдер үйде жатып ешқайда шықпай қабылдау керек. Ал қызылшаның асқынған түрін ауруханаға жатқызып емдейді. 

Қызылшадан қорғанудың ең тиімді түрі қызылшаға қарсы екпе жасату. Екпені әр емдеу алдын алу мекемелерінде арнайы дайындықтан өткен медицина қызметкерлері жүргізеді. Қызылшаға қарсы екпелерін жасына сай толық алмаған балаларының болса жергілікті емдеу мекемелерінен алуларыңыз сұраймыз. Қазақстан Республикасының Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес, алдын алу екпелерін уақытылы алып жұқпалы аурулардан сақтанайық. 

Г.И.Қожахметова, 

басқарма басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT