Ботулизм ауруы және оның алдын-алу жолдары

(0 Votes)

Ботулизм қалай таралады? Ботулизм – адамнан адамға берілмейтін және адам ағзасына бактериялардың қалдықтарын (ботулинум токсині) енгізу нәтижесінде дамитын ауыр, өткір токсикалық- инфекциялық ауру.

Бұл аурудың тағамдық ботулизм деген түрі де бар, ол салыстырмалы түрде сирек кездесетін ауру, бірақ ағымы ауыр және өлімге әкелуі мүмкін. Ботулизм бактериясының токсиндері адам ағзасына әсер ету нәтижесінде пайда болады. Ботулизм бактериялары оттегі жоқ жерлерде ғана өмір сүреді. Олар топырақта орналасады, топырақ арқылы жеміс-жидектер мен көкөністерге және басқа да тамақ өнімдеріне, одан біздің ағзамызға оңай енеді.

Ботулизмнің инкубациялық кезеңі аурудың ауырлығына, адам ағзасына түскен токсиннің мөлшеріне байланысты бірнеше сағаттан 5 күнге дейін. Ауру күрт басталады: алғашқы 2-3 сағатта-әлсіздік, жалпы әлсіреу, бұлшықет әлсіздігі, шамалы бас ауруы, жеңіл бас айналу сезіледі. Одан кейін ауыздың құрғауы, шөлдеу байқалады. Кейбіреулер аурудың алғашқы 2-3 күнінде іштің ауырсынуын сезінеді. Ерте және өте жиі кездесетін симптом – аурудың алғашқы 2 күнінде құсу, дене температурасының көтерілуі. Бұндай жағдайда сырқат адам тез арада дәрігерге жүгіну қажет, өз бетімен емделу өте қауіпті екендігін ескертеміз.

Ботулизмнің алдын алу үшін әр адам есте сақтайтын жайттар: Ботулизмнің қоздырғышы қоршаған ортада кең таралған, сондықтан бұл аурудың алдын-алу қиын. Көшедегі сауда орындарында үйде консервіленген өнімдерді сатып алмаңыз. Үйде саңырауқұлақтарды, ет, балық, шөптерді сақтауды ұсынбаңыз. Қызмет көрсетер алдында үйдегі консервілерді дұрыс сақтау және тиісті температуралық өңдеу өте маңызды. Зақымдану және ісіну немесе ағып кету көріністері бар консервілерден бас тарту керек. Көкөністер мен жемістерді тұтынар алдында мұқият өңдеңіз.

Құрметті аудан тұрғындар жоғарыда айтып өткендей үй жағдайында консервіленіп дайындалған тағамдар Сіздің денсаулығыңызға зиян келтіру мүмкіндігін естен шығармаңыз. Сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын қорғай аласыз!

Г.Б. Измайлова, 

жетекші маман

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT