Қазіргі уақытта кейбір адамдар биологиялық белсенді қоспаларды дәрумендер ретінде күнделікті тағамға қосып пайдалануда.
Алайда, пайдаланып отырған биологиялық қоспалардан өз денсаулықтарына пайдалы нәтижені толық ала алмай, басқа қоспалармен алмастырып жатады. Алайда, биологиялық белсенді қоспаларды дәрі ретінде емге өз бетінші пайдалануға болмайды. Өйткені оларда әртүрлі өзіндік қоспалары болады. Биологиялық белсенді қоспаларға мультивитаминдер, минеральды кешендер, омега 3, иммуномодуляторлар, басқа да қоспалар кіреді. Саттықта биологиялық қоспалар сироп түрінде, капсура, тұнба, гель, бальзам тағы басқа да түрде тұтынушыға ұсынылуда. Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлер, не болмаса үлкен компаниялар өз өнімдерін, атап айтқанда тағамға биологиялық белсенді қоспаларды тұтынушы қызығатындай етіп айрықша әдемілеп жарнамалап жатады. Кейбір адамдар жарнама арқылы «осы маған керек екен» деп сатып алып өз бетінше ем ретінде пайдаланып, кейін сол өнімге көңілдері толмай, басқа дәрумендер іздеп жүретіндер кездеседі.
Сондықтан құрметті аудан тұрғындары әлеуметтік желілерде жарнамаланатын тағамдық биологиялық белсенді қоспаларды өзіңіз пайдаланбас бұрын аталған өнімдердің адам ағзасына пайдасы мен зиянын, өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құжаттарын толық оқып, танысуыңыз қажет. Атап айтқанда тұтынушыға ұсынып отырған әр өнімнің тәртібі бойынша аталған өнімдердің пайдалану мақсаты, дозалары, қарсы көрсетілімдері, ұсынылып отырған өнімдер дәрілік зат еместігі туралы және басқа да қажетті талаптар толық көрсетілуі қажеттігін ескертеміз.
Әр адамның денсаулығы өз қолында екендігін ұмытпайық. Кез келген биологиялық белсенді қоспаларды өз бетінше пайдалануға болмайтындығы жөнінде кеңес береміз.
Б.В.Абилова,
жетекші маман