Ауданымызда қызылшамен ауырғандар көбеюде

(0 Votes)

Ауданымызда күні бүгінге қызылша ауруымен ауырғандар саны көбейіп келеді. Күні бүгінге дейін 15 науқас тіркелсе, оның бесеуі зертхана түрде расталды. Сырқаттанғандардың 14 бала, 1 ересек адам. Ауырған балалардың 12 қызылшаға қарсы екпеден бас тартқандар, ал ересектің қызылшаға қарсы екпесі туралы мәлеметі белгісіз.

Қазіргі уақытта елімізде қызылша ауруы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуал өте күрделі болып тұр. Ауру барлық өнірлерде тіркелген, Атырау облысы тіркелген ауру саны бойынша екінші орында тұр. Қызылша ауруы - адамдар үшін контагинозды инфекция жұқпалы ауру. Көбіне ол балаларда кездеседі. Дер кезінде дәрігерге қаралмаса, тиісті дәрежеде емделмесе соны қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін. Ауруға қарсы екпе алмаған адамдда оны жұқтырып алу қаупі басым.

Аурудың негізгі белгілері: Қызылша вирусы ауа, тамшы арқылы сөйкескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауру адамның сілекейлерімен сыртқы ортаға тарайды. Дене қызуы 38-40 градуске дейін көтерілуімен, көздің шырышты қабығының, мұрын жытқыншақтың, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуымен, лимфа түйіндерінің ұлғаюымен, теріде бөтпе пайда болу белгілерімен сипатталады. Жалпы әлсіздік, бас ауруы, тәбеттің төмендеуі, ұйқының бұзылуы орын алады. Мұрын бітеліп, құрғақ жөтел пайда болады. Үш-сегіз күн аралығында денеге бөртпе шығады. Көбіне қызылшамен бес жасқа дейінгі балалар немесе 20 жастан асқандар ауырады. Алдымен қызғылт немесе қызыл дақ түріндегі бөртпе құлақтың артында, шаш арасында, бет пен мойында, кеуденің жоғарғы бөлігінде шығады. Екінші күні бөртпе денеде және қолдың жоғарғы бөлігінде пайда болады. Үшінші күні аяққа шығып, беттегі бөрітпелер бозарады. Мұндайда бірден емханадағы учаскелік дәрігерге хабар беру керек. Ауру адам қан мен зәр тапсырады. Қарым-қатынаста болған адамдар жиырма бір күнге оқшауланады.

Ауырып жазылған адамда өмір бойына иммунитет сақталады, қайталап ауырмайды. Қызылшамен ауырмаған және егілмеген адамдар кез келген жаста, тіпті өмір бойы бұл ауруға шалдығу қаупі сақталады. Егер аурудың белгілері байқалса, сау адамдарға жұқтырмас үшін қарым-қатынасты дереу тоқтату керек.

Ауырмас үшін не істеу керек? Ең тиемді әдісі екпе алу. Қызылшаға қарсы екпеден бас тартқан ата-аналар қазіргі кезде қөбейіп отыр. Егер бұрын қызылшамен ауырмаған және егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен қарым-қатынаста болса, ауру жұқтыру қауіпі өте жоғары. Сондықтан әрбір ата-ана балаларының жасына қарай қызылша ауруына қарсы 1 және 6 жас екпелерін уақытылы мерзімінде салдырғаны өте маңызды. Ата-аналарды балаларына міндетті түрде вакцина және ревакцин салуға шақырамыз. Вакцина тиімді және әрі қауіпсіз.

М.ЖАНҒАЛИЕВА,

аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының

эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT