Атырауда 400-ден астам білім қызметкерлері вакцина алды

(0 Votes)

“Соңғы үш күнде атыраулық 405 мұғалім коронавирус індетіне қарсы вакцина алды”,-деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Білім саласы қызметкерлері арасында екпеге қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі –  Атырау энергетика және құрылыс колледжінде  өтті.

Онда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен жұқпалы және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Ләззат Жайлауова, Денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру және лицензиялау бөлімінің басшысы – Нина Оспанова, №5 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Нұрбақыт Құпжанов, облыстық Білім беру басқармасының бас маманы Гаухар Такузова қатысып, вакцинаға қатысты мұғалімдер сауалдарына жауап берді.

Атырау облысында 9 наурыздан бастап мұғалімдерге  коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация салу басталған болатын.

Соңғы үш күнде 605 атыраулық вакцина алды. Оның 408-і педагог, 183-і медицина қызметкері, 14-і мемлекеттік қызметші.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT