Атырауда 4 адамнан COVID-19 анықталды

(0 Votes)

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 52 адамның төртеуі Атырау облысынан, деп хабарлайды https://atpress.kz

Ковид жұқтырғандардың көбі Шығыс Қазақстан облысында (14) тіркелген. Қалған өңірлердегі ахуал тұрақты (1-6 адам). Өткен тәулікте Шымкент қаласы мен Маңғыстау және Қызылорда облыстарында бірде бір дерек тіркелмеген.

Пандемия басталғаннан бері Қазақстан бойынша – 107 775 адам коронавирус жұқтырған.

Сондай-ақ, өткен тәулікте COVID-19 індетінен айыққандар саны 70 адамға жетті. Оның басым бөлігі Шымкент қаласында (41 адам) болса, қалғаны (29 адам) Ақтөбе облысында тіркелген.

Індет басталғалы бері елде – 102 736 адам коронавирустан емделіп шыққан.

https://atpress.kz

Фото ашық дереккөзден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521