Жаңашыл сынып жетекші

(0 Votes)

Атырау облыстық «ORLEU»біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен сынып жетекшілерге арналған облыстық семинар өтті.

Әдістемелік семинарға  мектебіміздің тәжірибелі,білікті ұстазымыз, бастауыш сынып мұғалімі Каримова Рита Зайнолқызы қатысып,«Сынып жетекші қызметін жаңаша ұйымдастыру жолдары» тақырыбында  озат педагогикалық ізденісі мен шығармашылық қызметін шебер көрсете білді.

 Семинар барысында мұғалім өз тәжірибесімен бөлісіп бастауыш сыныпта сынып жетекшісі мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас қызметтері туралы баяндады. «Әрбір  мұғалімнің жұмысында өте маңызды миссия - сынып жетекшісі болу. Кейбір мұғалімдер бұл жұмысты өздерінің педагогикалық іс-әрекеттеріне қосымша жүк деп санаса, мен үшін бұл  ең маңыздысы.Педагогикалық қызметімде түлектерім көп болды, бірақ мен үшін әр сынып өзінше қымбат, әр сынып туралы мақтанышпен айта аламын: «БҰЛ МЕНІҢ БАЛАЛАРЫМ! «-деп.                                                                              

Ал ата-анамен жұмыс –ол ерекше,құдды бір үй тұрғызу. Іргетасы- ТҮСІНУ. Қабырғасы- СЕРІКТЕСТІКке айналды. Ал шатыры- ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ болды. Сынып жетекшісі мен ата-ананың ынтымақтастығы – бұл іс-әрекеттің мақсатын бірлесіп анықтау, алдағы жұмысты жоспарлау, нәтижелерді бақылау және бағалау. Жаңа мақсаттар мен міндеттерді болжау.  ТҮСІНІСУ, СЕРІКТЕСТІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ біртұтасққа айналуы үшін ата-аналармен бірнеше бағытта жұмыс ұйымдастырамын, осыдан мұғалім мен ата-ананың өзара тұтас жүйесі біртіндеп дамып келеді» дейді ұстаз. Өскелең  ұрпақ  тәрбиелеудегі өрелі жұмысыңызға,  абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.

 Қ.Қыдыршаева,

М.В.Ломоносов атындағы жалпы

орта мектебінің мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика