Құрманғазыда жаңа оқу жылында кезекші сыныптар ашылады

(0 Votes)

Өткен оқу жылының соңғы тоқсаны еліміздегі оқушылар мен педагогтар және ата-аналар үшін сын кезеңі болды. Онсыз да өзекті мәселелер мен түйткілдері көп білім саласына үлкен жауапкершілік жүктелді. Төтенше жағдайға байланысты қашықтан оқыту форматы біраз мәселенің бетін ашты. Сондай-ақ ол елдегі цифрландыру мен интернет жүйесін әлі де жетілдіру керектігін көрсетті. Енді биыл жаңа оқу жылы қайтадан қашықтан оқыту форматында жалғаспақ. Оның басталуына да аз қалды. Жалпы, жаңа оқу жылына білім беру ісінің мамандары қалай әзірленді? Көкейдегі сан түрлі сауалдарға жауап іздеп аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаевадан сұхбат алған едік.

- Гүлфара Өтемісқызы, ауданымыз бойынша жаңа оқу жылын ұйымдастыру, соның ішінде қашықтан оқытуға дайындық қалай жүргізіліп жатыр? Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ата-аналар тарапынан түскен екіжақты пікірге орай өз ұсынысын айтқан болатын. Онда бастауыш сынып ата-аналарына ерік беріп, баласының мектепте оқығанын қаласа, кезекші сыныптардың ашылатынын алға тартты. Оқырманға оның жұмыс істеу форматымен кеңірек таныстырып өтсеңіз..

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 1 қыркүйекте республика бойынша жалпы орта білім беретін мектептерде сабақ қашықтан оқыту форматында басталатынын атап өтті. Ал бастауыш сынып оқушылары үшін «кезекші сыныптар» ашылмақ. Біріншіден, ата –аналар қазіргі санитарлық –эпидемиологиялық жағдайға байланысты жағдайды біле тұра, баламның мектепке офлайн оқытуын қалаймын десе өтініш жазады,өтінішке сәйкесті әр мектепте сол балалар үшін кезекші сыныптар ашылады. Кезекші сыныптар 10-15 баладан құралады. Яғни ол сыныптар екі топқа бөлінеді, әр топта 10-15 баладан оқытылып, негізгі пәндерге ғана басымдық беріледі. Атап айтсақ,ана тілі, қазақ тілі,математика пәндері және бір ғана бастауыш сыныптың мұғалімі беруін қамтамасыз етіледі. Кезекші топтардың сабақ кестесі, қоңырауға шығу кестесі әр кезекші топ үшін ыңғайластырылған кестемен жасақталады. Барлық мектептерде бұл балалар үшін санитарлық – эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жұмыстар атқарылады, яғни санитайзерлердің, кіреберістегі дезинфекциялық кілемшелердің, сыныптарда кварц лампаларының, дезинфекция жасау құрылғыларының болуы қадағаланады. Оған қоса оқушылардың да қоңырау үзілістерге шығу, сабаққа келу , оны бастау, аяқтау кестелері де бөлек жасақталады. Сондай –ақ шағын жинақты мектептерде қатаң санитарлық –эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, штаттық режимде окыту қарастырылуда.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521