«ProEko» жеңімпаздары

(0 Votes)

Облыстық Білім беру басқармасы «Талантты анықтау және қолдау орталығының 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEko» республикалық экологиялық жобалар байқауының аудандық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты – экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау, экологиялық сауаттылығын арттыру, қоршаған ортаны қорғауға бейімдеу, оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру және туған өлкенің табиғатына ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Байқау «Туған жердің табиғаты», «Айналадағы әлем – ғажайып әлем», «Ең үздік экологиялық бастама» және «Таза қала өзіңнен басталады» атты төрт бағыт бойынша өткізілген. Табиғат жанашырлары, 8-сынып оқушылары Ғайни Абдрахим мен Айнара Таскалиева жас маман,биология пәнінің мұғалімі А.Зияшеваның жетекшілігімен «Туған өлкенің табиғаты» кезеңін таңдап, киелі Құрманғазы ауданымыздың экомаршруты бойынша шағын виртуалды тур жүргізіп,шебер қорғап шықты. Туған өлкеміздің экожүйелерімен, табиғи, тарихи, мәдени, сәулеттік нысандарымен, өсімдіктермен, фаунасымен таныстырып өтті. «Біз еліміздің болашағын ойлайтын табиғат қорғанымыз. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды,киелі жерлерімізді көздің қарашығындай сақтап,келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына күш,сұлулық пен әсемдік береді. Сол сұлулықты жоғалтпай қастерлеуіміз керек.» -дейді жас өлкетанушылар.

Қазақстандағы көптеген жобалық бағыттарды жүзеге асырып, оны дамытуға атсалысып жүрген тұлғалардай қазіргі жастар да әрбір жердің өзінің қайталанбас ерекшелігі бар екендігін әсем суреттеп берді. Нәтижесінде, «ProEko» республикалық экологиялық жобалар байқауының жеңімпаздары атанып,1 орынға иеленіп,облыстық кезеңге жолдама алды.

Жетекшісі мен оқушыларға облыстық кезеңде де сәттілік,биіктен көрініп,Құрманғазы ауданы, М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің абыройын асқақтататынына сеніміміз мол.

 Қ.Қыдыршаева,

М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521