ОБЛЫС ҰСТАЗДАРЫ ЖОЛ КАРТАСЫ АЯСЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА

(0 Votes)

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінде Атырау облысының білім беру жүйесін дамытудың жол картасы аясында тәжірибе тарату алаңы бүгін өз қызметін бастады.

Басты мақсат - мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, математиканы, физиканы, химияны және биологияны оқыту бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру және үйретілген ақпараттарды педагогикалық тәжірибемен ұштастыру. Сондай-ақ, қосымша білім беру бағыттары бойынша әдістемелік қолдау көрсету.

tzhiribe-almasu_jpg1

tzhiribe-almasu

Тың тәжірибе тарату шарасына облыстағы жалпы білім беретін мектептер мен колледж мұғалімдері қатысуда.

tzhiribe-almasu_jpg1_jpg4

Бұл арқылы мұғалімдер оқытудың тиімді жаңа әдіс-тәсілдерімен танысады, оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық тәсілдерін қолдануды үйренеді, педагогтардың құзыреттілік деңгейі артады.

tzhiribe-almasu_jpg5

tzhiribe-almasu_jpg6

Бүгінгі басты тәжірибе алмасулар дифференциалдық теңдеулерді шешу, комплекс сандар, PISA тапсырмалары, PASKO құралдарымен практикалық жұмыстар жасау, азық-түліктің құрамындағы органикалық заттарды тестілеу, беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасын анықтау, PISA: Креативті ойлау, оқу сауаттылығы тақырыптары төңірегінде өрбіді. Ұстаздар берілген әр тың ақпарды енді өз тәжірибелерінде де пайдалануға ниетті екендерін жеткізді.

tzhiribe-almasu_jpg3 

Айта кеткен лазым, шара ертең де өз жалғасын табады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT