Ұлдана - халықаралық оқыту семинарының үздігі атанды

(0 Votes)

Атырау қаласында Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы мен Қазақстан Fulbright қауымдастығы ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған Халықаралық оқыту семинарын өткізді.

Семинар мақсаты - жас ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби дайындығын арттыру, практикалық және әдістемелік көмек көрсету. 

Оқыту АҚШ елшілігінің қолдауымен, шетелдік әріптестердің тәжірибе алмасуы негізінде жүзеге асты.

Семинарға мектебімізден ағылшын тілі пәні мұғалімі Наурызбаева Ұлдана қатысып келді. Сәйкесінше семинарға қатысқанын растайтын сертификатпен қатар " Үздік білімі үшін" сертификатымен марапатталды.

Шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521