«Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының ұйымдастырумен Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары С. Аманшиева, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры С. Идрисов, С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай - газ университеті қабылдау комиссиясының төрағасы, профессор Есенгелді Арыстаналиев және басқа да құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Іс-шара аясында Жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы 15 пән бойынша өткен олимпиада да жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан озат оқушылар І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Олимпиада нәтижесінде Құрманғазы ауданының оқушылары 12 жүлдені қанжығаға байлады. Оның ішінде І орын – 2, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 4, Алғыс хат – 8. Олимипада қорытындысымен қала және аудандар бойынша Құрманғазы ауданы жүлделі ІІ орынды иемденіп, «Ең үздік олимиадалық команда – 2026» атағын жеңіп алды. Бұл номинация аудандық білім бөлімінің басшысы Еділ Баяровқа салтанатты түрде тапсырылды.



Айта кетейік, үш күнге созылған олимпиаданың облыстық кезеңінде барлық қала мен аудандардан 700-ден аса оқушы қатысты. Алдағы республикалық кезеңге жолдама алып, облыс намысын қорғағалы отырған Құрманғазы ауданы, Абай атындағы жалпы орта мектептің 10 сынып оқушысы Ақбота Берқайырқызы, Ә.Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектептің 9 сынып оқушысы Нұртілек Бостанға сәттілік тілейміз!
Айнагүл Шакупова


