Колледж түлектері диплом алды

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжін бітіруші түлектерге дипломдар мен еңбек кітапшаларын табыстауға арналған салтанатты шара өтті.

Онда аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Әдебиетқызы агроколледж түлектеріне сәттілік тілеп, бүгінгі таңда қарапайым жұмысшы мамандығына сұраныс артып келетінін тілге тиек етті.

75ad33c3-d18c-4f07-acea-ab20fe97f3b5

Колледж директоры Болатбек Өтегенов, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Базарбай Өтеулиев, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұргүл Сұлтанова құттықтау тілектерін жеткізіп, түлектерге дипломдар, алғыс хаттар, еңбек кітапшаларын ұсынды.

7f236bf7-2f57-412a-a77d-af861d744ff2

Топ жетекшілері мен кураторлары атынан Баян Ахметова, қамқоршылық кеңесінің мүшесі Фариза Бралина, студенттерден Жанар Үмбетқалиева сөз сөйлеп, ақжарма тілектерін ақтарды.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521