«Киелі өлкем – Атырау»

(0 Votes)

Осындай тақырыппен Иманов атындағы негізгі орта мектепте тарих пәнінен кездесу кеші өтті.

Мұнайлы аймақ киелі орындарға толы қасиетті өлке. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бір топ ардагер ұстаздар Атыраудың тарихи жерлерін аралап, демалып қайтқан болатын. Оған мектебіміздің ардагері «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» А.Қожантаева қатысты. Осыған орай, білім ошағында онымен кездесу ұйымдастырылды.

Мектеп оқушылары концерттік бағдарламаларын ұсынды. Кеш соңында кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Аманғалиева саяхаттан алған әсерін бүкпесіз ортаға салып, тартымды әңгіме өрбіткен зейнеткер ұстаз А.Қожантаеваға естелік сыйлығын табыстады. Кешті тарих пәнінің мұғалімі Б.Жұмағалиев қорытындылады.

Гүлмайра Лапишева,

Иманов атындағы негізгі орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21