Құрманғазылық оқушылар IQanat олимпиадасына қатысты

(0 Votes)

Облыстық білім беру басқармасының 2022 жылғы 13 қазандағы №349 бұйрығы негізінде «IQanat білім қоры» қоғамдық қоры мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 22 мамырдағы ынтымақтастық туралы меморандумына сәйкес 8 сынып оқушыларына арналған «IQanat» олимпиадасының облыстық кезеңінің салтанатты Б.Бегәлиев атындағы жалпы орта мектебінің базасында «IQanat» олимпиадасының 2 кезеңінің ашылу салтанаты өтті.

Негізгі мақсат – елді мекендердегі зерек балаларды қолдау, олардың отандық және шетелдік университеттерде білім алуына мүмкіндік беру.

Биыл алтыншы рет өткізіліп отырған олимпиадаға еліміздің 168 өңірінен 40 882 оқушы тіркелді. 5 жылдан кейін олимпиаданың форматы өзгерді. Енді тестілеу пәндік білім бойынша емес, оқушылардың қабілеттерін анықтауға арналған. Тесттер логика, математика және кеңістік ойлау, оқу сауаттылығына арналып құрастырған.

2018 жылдан бастап IQanat олимпиадасына Атырау облысының 6000-нан астам оқушысы қатысты, 9, 10, 11-сыныптардың 132 оқушысы (республикалық кезеңнің қатысушылары) ҰБТ-ға тегін онлайн дайындықтан өтуде. Биыл жеті ауданнан 1138 (241 – Құрманғазы ауданы бойынша) оқушы тіркеліп, 1 турға 1087-сі (232 – Құрманғазы ауданы бойынша) қатысып, 223(54 – Құрманғазы ауданы бойынша) оқушы 2 турға өтті.

2021 жылдың көктемінде IQanat -тың тәлімгерлік бағдарламасы толық күшіне енді. Салтананатты шараның ашылуында аудандық білім бөлімінің әдіскері Жетек Шайхиев пен Атырау облысының менторы Жанар Кайранова сөз сөйлеп, білімнің биік шыңынан көрінуге талаптанған оқушыларға сәттілік тіледі.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521