Директорлар мектепті 7 жылдан артық басқара алмайды

(0 Votes)

Директорлар 1 мектепті 7 жылдан артық мерзім басқара алмайды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған.

«Білім беру ұйымына тағайындалғаннан күннен бастап 4 жыл лауазымды қызметте болған басшылар ротацияланады. Бұл ретте бірінші басшының бір білім беру ұйымында лауазымды қызмет атқаруына рұқсат етілген ең ұзақ мерзім 7 жылдан аспайды», - делінген Үкімет басшысы орынбасарының жауабында.

Оның атап өтуінше, ротация жүргізу үшін білім беру басқармасының кадр қызметі ауысуы тиіс бірінші басшылардың тізімін әзірлейді. Педагогтарды аттестациядан өткізу ережесі мен тәртібіне сәйкес, бірінші басшы жұмысының тиімділік көрсеткіштері бойынша есеп түзіледі. Ол жұмыс бағыттары бойынша 10-нан астам өлшемшартты қамтиды.

«Тиімділік көрсеткіштеріне қатысты мәліметтерді білім беру басқармаларының, әдістемелік кабинеттердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, білім саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен жасақталған және материалдарды шынайы әрі жан-жақты зерделеу үшін консультативтік-кеңес органы саналатын комиссия қарайды. Атестаттау ережелерінде көрсеткіштер бойынша өлшемшарттар мен тиісті баллдар айқындалған. Бұл жемқорлық тәуекелдерін төмендетед. Ротацияланатын бірінші басшы қойылған баллдың дұрыстығын, негізділігін қайтадан тексере алады», - деді Ералы Тоғжанов.


Inform.kz

сурет ашық дереккөзден алынды

Соңғы жаңалықтар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика