Атырауда 41 оқушы облыстық олимпиадада бірінші орын иеленді

(0 Votes)

“Атырауда облыстық пәндік олимпиада бес күн бойына өтті. Онда 491 оқушы бақ сынады, 41 оқушы бірінші орынға ие болды”,- деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Пандемия жағдайына байланысты пәндік олимпиадада карантин талаптары сақталып бірнеше күн бойына өткізілді.

«Дарынды балаларға арналған олимпиаданы өткізу елімізде дәстүрге айналды. Олимпиаданың жарқын табыстарға қол жеткізетін дарынды жеткіншектерді тәрбиелеуде ықпалы зор. Жыл сайын пәндік олипиададан жүздеген үздіктер шығып келеді. Әсіресе, 10, 11 сынып оқушылары олимпиада арқылы шыңдаған білімдерін одан әрі жетілдіріп әлемнің ең мықты оқу орындарына оқуға түсіп жүр,- деген облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев олимпиада жеңімпаздарына сертификаттар мен естелік сыйлықтар ұсынды. Сондай-ақ, жеңімпаздарға еліміздегі ең беделді ЖОО бірі - Қазақстан-Британ техникалық университетінің де гранттарын табыс етті. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов білім байқауының қатысушыларына сәттілік тілеп, жеңімпаздарға университет атынан гранттар табыстады.

2154fd2f-1f11-4cd9-a49f-7afcd7e75507

Айта кетелік, командалық есепте жоғары білім деңгейін көрсеткен «Білім-Инновация» лицей-интернаты жеңіс тұғырынан көрінді. Кейінгі жүлделі орын алғандар қатарында облыстық мамандандырылған мектептер арасында жоғары балл жинаған Ж.Досмұхамбетов атындағы лицейі үшінші дәрежелі дипломмен, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі екінші орынмен марапатталды. Ал жалпы білім беретін мектептер бойынша Исатай және Жылыой аудандарының командалары үшінші орынмен, Құрманғазы ауданы екінші орынмен және Атырау қаласының командасы бірінші орынға ие болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521