«Адалдық сағаты»

(0 Votes)

Абай атындағы жалпы орта мектепте «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өткізілді.

Мақсаты – жастар арасында парасаттылық принциптерін ілгерілету, әділдік, шынайылық ұғымдарын бойларына сіңіру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Акция аясында білім алушыларға арнайы әзірленген бейнероликті көрсету арқылы адалдық – парасаттылықтың ең биік шыңы, әрі адам бойындағы асыл қасиет екендігі жіті түсіндірілді.

img_9326

Шараға «Нұр Отан» партиясы Құрманғазы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ө.Есенғазиев, білім беру саласының ардагері, жергілікті ақын Н.Нұғыманов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, бүкіл саналы ғұмырын баспасөз саласына, әдебиетті өркендетуге арнап келе жатқан ардагер журналист Т.Дәрелов, аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Қ.Сидеғалиев, округ мамандары, БАҚ өкілдері қатысты.

img_9330

Шара қонақтары өмірлік тәжірибелерінен мысал келтіре отырып парасаттылық, әділдік, шынайылық ұғымдарын тереңінен ашып, өздерінің тұшымды ойларымен бөлісті. «Адалдық пен шыншылдық бар жерде әділдік, қайырымдылық, кішіпейілділік де еріп жүреді.

img_9335

Ары таза адам мәнді өмір сүреді, сондықтан Отаныңа, отбасыңа, қоғамға абыройлы қызмет етіңдер» деген ізгі ниеттерін білдірді. «Адалдық жерген жүрде – адамдық жүреді» деген адал еңбекті, ара қатынасты өмірлік ұстаным ретінде дәріптеген Абай мен Шәкәрімнің даналық сөздері тілге тиек етілді.

Қ.Зайыров,

Құрманғазы ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521