Өзін-өзі қамту бұрышы – қолжетімді қызметтер алаңы

(0 Votes)

Елімізде мемлекеттік қызметтерді халыққа барынша қолжетімді әрі тиімді түрде ұсыну бағытында бірқатар жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – азаматтарға өздігінен электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беретін «Өзін-өзі қамту бұрыштарының» ашылуы.

«Өзін-өзі қамту бұрышы» Шортанбай ауылдық округінде де қызметкөрсетеді.  Бұл бұрыш тұрғындарға цифрлық үкімет порталы арқылы түрлі қызметтерді кезексіз әрі қысқа мерзімде алуға жағдай жасалған. Арнайы жабдықталған орындар заманауи компьютермен, интернетпен және принтермен қамтамасыз етілген.

Азаматтарға көрсетілетін мүмкіндіктер:

электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркелу және құжаттарға қол қою;

анықтамалар мен қажетті мәліметтерді алу;

әлеуметтік төлемдерге, жер мен мүлікке қатысты онлайн өтініш беру;

мемлекеттік алымдар мен салықтарды төлеу.

Қажет болған жағдайда жауапты  мамандар тұрғындарға кеңес беріп, жүйені қолдану тәртібін түсіндіреді.

Өзін-өзі қамту бұрышының басты артықшылығы – уақытты үнемдеу, ашықтық пен қолжетімділік. Азаматтар кезекке тұрмай-ақ қажетті құжаттарын жедел рәсімдеп, қағазбастылықтан арылуға мүмкіндік алады.

Өзін-өзі қамту бұрыштары – халыққа қызмет көрсетудің жаңа сапалы үлгісі. Бұл бастама еліміздің цифрландыру саясатын ілгерілетіп, тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді онлайн пайдаланудағы мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Шортанбай ауылдық округінің бас маманы Кумарова Г

Фото: gov.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT