«Жылы жүрек –жомарт қол »

(0 Votes)

Ж.Нәжімеденов атындағы негізгі орта мектебінде 10 қаңтар мен10 ақпан аралығында дәстүрлі республикалық -«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өтті.

Акция барысында мектебіміздің психологы мен тәлімгері бастаған 6,7-9 сынып оқушылары ауылымыздың жалғызбасты қарияларына отын-су жинап,керекті азық-түліктерін апарып берді. «Жылы жүрек –жомарт қол » атты жәрмеңкеде оқушылар белсене қызығушылықпен қатысты.

nzhimedne

"Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады" атты қорытынды кешінде мектеп директоры Руслан Амангелдіұлы оқу-құралдары мен киім-кешекті оқушыларымызға табыстады.

nzhimeden1

Қайырымдылық акциясына облыстық мәслихат депутаты Сабыржан Қыдырсихұлы,мектеп ұжымына ,Зоя Жамелединқызына,Қымбат Бақтығалиқызына,Әділбек Елеусінұлына, Сабидолла Бақтығалиұлына жеке қожалық иесі Жанмұрат Жамбылұлына және де ауыл жастары Аманбек Қайырболатұлы,Берікбол Фазылұлы,Алтынбек Есенаманұлы, Асхат Борашұлы атсалысты. Осындай жомарт жандарымыз көп болсын! Алға қарай да акция жалғасын таба бермек.

Жібек Жақсылыққызы,

Ж.Нәжімеденов атындағы негізгі орта мектебінің психологы, «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521