Жазда, ыстық түскенде, жыландар белсенді түрде шыға бастайды.
Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін, Төтенше жағдайлар департаменті жылан шаққан кездегі аса қиындық тудырмайтын алғашқы көмек көрсету ережесін ұсынады:
- Жылан шаққан кезде, ең алдымен, жараның аузынан уды мүмкіндігінше тез соруға тырысыңыз, оны үнемі түкіріп отырыңыз. Мұны зардап шегушінің өзі немесе жанындағы адам жасай алады;
- Уды жақсылап шығару үшін тістеу орнын кесу ұсынылмайды. Бұл инфекцияға, сіңірдің зақымдануына, мүгедектікке әкелуі мүмкін;
- Уды сорғаннан кейін, зардап шегушінің қозғалуын шектеу керек. Егер аяқты шаққан болса, оны бинттпен орап таңып қою керек, егер қолға зақым келтірсе, оны бүгілген күйде ұстаған жөн;
- Зардап шегушіге көп сұйықтық – су, шай, сорпа ішу ұсынылады;
- Жараны 1% - дық марганец қышқылды калий ерітіндісімен жуады;
-Аллергияға арналған 1-2 таблетканы, мысалы, "Супрастин", "Тавегил"қабылдауғаболады.
- Ешқандай жағдайда жгут таңуға болмайды; - Шағылған жерді күйдіру тиімсіз, себебі кейде жыланның улы тістерінің ұзындығы сантиметрден асады.
- Жылан шаққан адамға спирттік ішімдіктерді ішуге қатаң тыйым салынады. Ең бастысы, жыланның шағуынан кейін адамды емдеу мекемесіне мүмкіндігінше тезірек жеткізу қажет.
Ақгүл ӘЛІБЕКҚЫЗЫ,
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығының у.м.а. азаматтық қорғау подполковнигі