Журналистика факультеті өздеріңізді күтеді (+ВИДЕО)

(0 Votes)

Жазу өнеріне ден қойып, сөз қадіріне қанығуға құштар жастарымыздың қатары бүгінгі таңда ұлғайып келетіні қуантарлық жағдай.

Ал сөз жүйесін игеру, ой-түйсігін оқырманның жүрегіне жеткізіп, қондыра білуде жазу өнерінің техникасы мен әдебиеттің теориясын үйрену басты талап екендігі анық.

Осы орайда, жазуға қабілеті бар дарынды жастар журналистика саласын таңдауына болады. Журналистика – сапалы жұмысты, көп ізденісті талап ететін, кәсіпке деген ерекше іңкәрлікті қалайтын мамандық.

Облыс жастарының тәлім алар мектебі, білім іздеген талапкердің алтын ордасы – Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университеті. Ендеше, сөз өнерімен өз болашағын байланыстырғысы келетін қауырсын қалам иесіне аталмыш университеттің журналистика факультетінің есігі айқара ашық.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521