Жолдың сапасы қатаң қадағаланады

(0 Votes)

 Аудан әкімі Марат Мурзиев, орынбасары Болатбек Сисатов, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшылары Шынболат Мусин, Марат Хасановпен бірге салынып жатырған құрылыс нысандарының басында болды.

Хиуаз ауылында 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы қарқынды жүруде. Бой  көтеріп қалыпты. Аудан басшысы мердігер мекеме өкілімен әңгімелесіп, нысанды уақытында бітіруді, жұмысшыларды жұмыссыздық есебінде тұрған ауыл тұрғындарынан алуды тапсырды.

Дыңғызыл ауылдық округінде болған аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы салынғалы жатырған жол құрылысы жөнінде округ әкімі Оралбай Әзімовке өз ұсынысын айтты. Нұржау ауылының 10 шақырымдық асфальт жолдың 3,5 шақырымы төселіп үлгеріпті.

Аудан басшысы оның бойымен жүріп, сапасын қарап өтті. Мердігерге жұмысты дұрыс атқаруды, топырақ төгілген жерлерге дереу асфальт төселмесе, күзге қалса жаңбырмен езіліп, мал, көлік жүріп жарамсыз ететінін, келесі жылы қайтадан жасалып, қаржы шығындалатынын жеткізді. Жаяу жүргіншілер жолының астынан жантақ шықса қабылданбайтыны, өз қаражатымен қайта жасайтыны ескертілді.

А.Нәжімов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521