«Жолда қабылдау»: халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

(0 Votes)

20 шілде күні Құрманғазы ауданының Халыққа көмек көрсету орталығында республикалық «Жолда қабылдау» акциясының екінші күні жалғасын тапты.

Бұл акцияның негізгі мақсаты – халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрғындарды ақпараттандыру, құқықтық білімдерін жетілдіру, сондай-ақ, көші-қон заңнамасын түсіндіру болып табылады.

Аталмыш акцияға Жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Ерсін Гайнетов, Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Асылбек Муфтахов, Көші-қон полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Елдана Караева қатысты. Олар тұрғындардың көкейкесті сауалдарына жауап беріп, құқықтық кеңес берді.

- Республикалық акция барысында үш сұрақ бойынша халық өте көп жүгінді. Атап кетсем, көшеде қараусыз жүрген үй жануарларына қандай шара қолдану керек, отбасылық құқық бұзушылық және тұрмыстық зорлық зомбылық бойынша кодексте енгізілген өзгерістер, сондай-ақ автокөлікке газ қондыруға қатысты керекті құжаттардың тізімі, олардың техникалық сараптамадан өту тәртібі жөнінде болды. Осы ретте, біздің, яғни полиция қызметкерлері тарапынан толыққанды жауап беріліп, арыздар қабылданды, - деді Құрманғазы аудандық полиция бөлімі Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Асылбек Муфтахов.

Іс-шара кезінде аудан тұрғындарына қараусыз жүрген үй жануарларының иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына сәйкес жыл басынан бері 120-ға жуық хаттама толтырылғаны және үй жануарларын қамайтын орын белгілеп беруі бойынша Құрманғазы аудандық әкімдігіне ұсыныс жолданғанын айта өтті.

Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 108-бабы, 2-бөлігі, 109-бабының 2-бөлігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қосымша құқықтық кеңес берілді.

Асылай Жұмажанова, Атырау облысы полиция департаменті Ақпараттық саясат бөлімінің инспекторы полиция лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521