Жұмекен жырларын оқудан жарысқа түсті

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы әнұранының авторларының бірі, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толуына орай аудандық мұражайдың ұйымдастыруымен «Жұмекен жырлары – ғасыр үні» тақырыбымен мектеп оқушылары арасында ақын өлеңдерін жатқа оқудан аудандық байқау өтті.

Байқауға Еңбекші, Абай, Ломоносов орта мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Шараны мұражай басшысының орынбасары Жазира Мадирова жүргізіп, экскурсовод Эльвира Әбішева жәдігерлермен таныстырды. Еңбекші орта мектебінің оқушысы Жанерке Қуанышқали Н.Тілендиевтің «Жекпе-жек» күйін орындады.

Байқау қорытындысымен І орын мен арнайы сыйлықты Абай орта мектебінің 9 сынып оқушысы Назерке Тоқтар иеленді. ІІ орын Бегалиев және Еңбекші орта мектептерінің 10 сынып оқушылары Ибрагим Хасантаев пен Наз Амангелдіге тиді. Абай орта мектебінің 11 сынып оқушысы Бақыт Айыпқалиева, Еңбекші орта мектебінің 9 сынып оқушылары Жанерке Әкімғалиқызы, Гүлдерайым Нұреденова ІІІ орын алды. Барлық қатысушыларға аудандық мұражай тарапынан дипломдар мен естелікке кітаптар  табыс етілді. 


Аудандық мұражайдың директоры Жазира Хайрошева байқауды қорытындылап мұражай – аудан тарихын, өңіріміздің Жұмекендей біртуар тұлғаларын дәріптеп, жас ұрпақтың бойында елге, туған жерге деген сүйіспеншілікті оятатын киелі орын екеніне тоқталды. Бұған дейін де бірнеше шаралар өткенін жеткізіп, қатысушы оқушыларға, олардың ұстаздарына ризашылығын білдірді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT