Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген есепке алу

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алуды Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органы белгiлеген тәртiппен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдар жүргiзедi.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары баланың тұратын жеріндегі қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға бала асырап алуға тілек білдіргені туралы өтініш беруге, сондай-ақ жиынтық кірісінің мөлшері, отбасылық жағдайы, денсаулық жағдайы, сотталмағандығы туралы анықтамалар, психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификат ұсынуға және баланы жеке өзі таңдауға, онымен кемiнде екі апта тiкелей қарым-қатынас жасауға міндетті.

Өтініштерді қабылдау және қызмет көрсетудің нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Құжаттарды қараудың және бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қоюдың мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

Бала асырап алушы адамның отбасында баланың қалыпты дене бітімі, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуы, тәрбиеленуi және бiлiм алуы үшiн жағдайлар болған кезде ғана бала асырап алуға рұқсат етiледi.

Құрманғазы аудандық білім бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521