Жерді алады, солай қалады

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің аппарат мәжілісінде аудан әкімнің орынбасары Жандос Бектеміров: – Атырау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ф.Ахметованың «Аудандардағы жерлерді игеру және пайдалану мәселелері жөніндегі» ұсынымын орындау мақсатымен 2019 жылы 46562 га ауылшаруашығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде 21562 га мемлекетке қайтарылып алынды (оның ішінде 19 шаруа қожалығының жері 1562 га, «Сүйіндік асыл тұқымды қой зауыты» ЖШС жері 20000 га). 25000 га «Аққамыс» ЖШС-нің жері мақсатына сай игерілмеуіне байланысты шара алу үшін Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жолданып, 1 жыл мерзімге ескерту нұсқамасы берілді. Қазіргі уақытта әлі де игерілмегендіктен мемлекетке қайтару үшін сот органдарына жолданды. Сонымен қатар 2018-2019 жылдары кәсіпкерлік мақсаттағы игерілмей жатырған 29 учаске анықталып, жер көлемі 13,0 га, оның 9-ы (6,2 га) мемлекетке қайтарылды, 20 учаскеге (7,1 га) Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 1 жыл мерзімге ескерту нұсқамасы беріліп отыр. 2019 жылы жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін бөлінген 10 жер учаскесі анықталып, жер көлемі 1,0 га мақсатына сай игерілмеуіне байланысты мемлекетке қайтарылған болатын. 2019 жылы ауылшаруашылығы мақсатында 17754 га, 33 жер учаскесіне конкурс өткізілді. Өткен жылы кәсіпкерлік мақсатта 17 жер учаскесі көлемі 6,0 га (сатылған бағасы - 2 377 840 теңге) аукцион арқылы табысталды. 2 учаске бойынша көлемі 0,6 га (33 500 000 теңге) қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жеңімпаз өтінімінен бас тартты. Аталған кәсіпкерлік мақсатындағы жер учаскелері 3 жыл мерзімге жалға беру құқығымен табысталғанын айта кетейік. Жер учаскесін бөлуде ашықтық-жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында сауда-саттыққа шығарылатын жер учаскелері geo.eatyrau.kz электронды порталына, жергілікті басылымдарға және аудан әкімдігінің веб-сайтына жариялануда. Сонымен қатар Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (АИС ГЗК) арқылы сауда саттыққа т.б. шығарылатын жер учаскелері туралы мәлімет алуға мүмкіндік бар. 2019 жылдың 12 айында аудан бойынша 1946 азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесінің кезегінде тұр. Жыл сайын 300 адамға көбеюде. Бүгінде үй салу үшін жер учаскелері инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз етілген дайын алаңдардан бөлінуде. Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 59 жер учаскелері берілді, көлемі 5,9 га құрайды. Қазіргі уақытта ауылдың бекітілген бас жоспарына сәйкес Құрманғазы ауылы Шипажай, Болашақ мөлтек аудандарына инфрақұрылым құрылысының жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша жер көлемі 46,8 га құрайтын 468 жер учаскесін бөлу қаралған. 2019 жылы аудандық жер комиссиясы мәжілісінің 20 отырысы өткізіліп,1144 өтініш түсіп (оның ішінде 962 жеке тұлға, 182 заңды тұлға), 965-і қанағаттандырылды.179 өтінішке Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес түсінік берілді, - деп, бұл бағытта атқарылған басқа да жұмыстарға тоқталып, қойылған сұрақтарға жауап қайтарды.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521