Жемқорлықпен күрес күн тәртібінен түспейді

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стра­тегиялық дамуының негізгі басым­дық­тарының бірі екенін атап айтты.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сондықтан онымен күрес тоқтамақ емес.

Осы орайда, Құрманғазы ауданы әкімдігімен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрылып, бекі­тілген жоспарға сәйкес комиссия отырыс­тары әр тоқсан сайын өткізіліп келеді.

Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнін­дегі комиссия жыл сайынғы жұмыс жос­парын бекітіп, әр тоқсан сайын өз жұмысын тұрақты түрде жүргізуде.

Өткен 2022 жылдың 12 айына  комиссия оты­рысында 12 мәселе қаралып, олар бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданып, мүдделі мемлекеттік органдарға  ұсыныс-тапсырма орындау үшін жолданды.

Аудан әкімдігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын-алу шараларын күшейту бағытында әкімдікке қарасты жергілікті атқарушы органдар бойынша мем­лекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек ұдайы көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Құрманғазы  ауданы әкімдігі жанындағы Әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл салаларында заңнамаларының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәсе­­лелері бойынша  Атырау облыстық Мемлекеттік қызмет депар­таментімен бірлесіп  құқықтық оқы­ту семинары өткізіліп, мемлекеттік қыз­метшілерге консуль­тативтік кө­мек көрсетілді.

Түсіндірме жұмыстары мемле­кеттік қызмет саласына енгізілген өз­ге­ріс­терді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүр­гі­зілген іс-қимыл әрекеттерін және мем­ле­кеттік қызмет туралы заңнамасын қолда­ну тәжірибесіне талдау нәтижелерін қамтыған.

Сонымен қатар, аудан әкімдігінде мем­лекеттік сатып алу, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл заңнамалары талаптарын түсіндіру мақса­тында, мемлекеттік қызметшілерге арналған құқықтық оқытулар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бұдан бөлек, аудан аумағында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында ауданға қа­расты әр ауылда (барлығы 19 ауылдық округ) тақырыптық 19 билбордтан және барлық округ әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсетілетін меке­мелерге «1424» сенім телефоны орнатылды және аудан әкімдігінің ресми әлеуметтік желілеріне бейнероликтер жарияланды.

Сонымен бірге, аудандық  қоғамдық-саяси «Серпер» газетінде арнайы тақырыптық айдар ашы­лып, жемқорлықтың алдын алу та­қырыптарында мақалалар үздіксіз  жарияланып тұрады.

Жоғарыда баяндалғандарды қорыта ке­ле, Құрманғазы  ауданы әкімдігінің басым бағыттарының бірі ретінде сыбайлас жем­қорлықпен күрес, оның алдын алу және бол­­дырмау мақсатында қолданыстағы заң­ды­лықтарға сәйкес қажетті шаралар қа­былданып келеді.

Қоғам дертімен күреске байланысты профилактикалық іс-шара­лар мен олардың орын­далуы аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында дегім келеді.

Абат  Сайфоллаұлы Жанғалиев,

Құрманғазы ауданы әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT