Жемісін берген жоба

(1 Vote)

Еліміз өркендеп, егемендігімізді еңсеріп, бейбіт күнге қол жеткізгенімізге де 30 жыл болды.

Осы үш он жылдықта Отанымыз талай жетістікке қол жеткізіп, әлемдік аренада өз атын асқақтатып, сара жолын салып үлгерді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанымыз әр салада жетекші болып, халқын әлеуметтік қамтамасыз етуде бірқатар еңбек атқарып келеді. Соның бірі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен өңірлерде бизнес көзін ашу мақсатында ұйымдастырылған «Bastau бизнес» жобасы. Бұл жобаның аты таныс болсада, заты көп адамға түсініксіз. Аталған бағдарлама туралы кеңінен ақпарат беріп, біз біле бермейтін тұстарын саралауда «Атамекен» ҰКП аудандық филиалының басшысы Ұлыбек Өтегеновпен төмендегі сұқбатты ұсынамыз.

- Көптің көкейіндегі сұрақ: Атамекен қандай палата?

- Өздеріңіз білесіздер, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2013 жылы 9 қыркүйегінде және 4 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» туралы заңын негізге ала отырып, өзін-өзі басқаратын, коммерциалық емес ұйым болып құрылып, 2015 жылдың 27 қаңтарындағы ҚР ҰКП кезектен тыс II съезінің шешімімен – Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып қайта тіркелді. Оның мақсаты – алдымен, елімізде кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыру болса, келесі, бизнес пен биліктің арасында тиімді серіктестік байланыс орнату болып табылады. Оған Қазақстанда ресми тіркелген заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары кіреді. Жалпы ауданымыз бойынша 2021 жылдың 1 шілдесіне жұмыс жасап тұрған 111 заңды тұлға, 1489 жеке кәсіпкерлер және 670 шаруа қожалықтары, барлығы 2270 шағын және орта бизнес субъектілері бар. Қазіргі таңда өңіріміздегі палатада филиал басшысы және 2 кеңесші еңбек етуде. Оның біреуі кәсіпкерлер мен ісін енді бастағысы келген тұрғындарға елімізде қабылданған кәсіпкерлік бағытындағы бағдарламалар бойынша түсінік берсе, екіншісі «Бастау Бизнес» жобасы бойынша координатор.

c4085ed3-1378-4ac4-b182-c4dc931dc042

- Түсінікті. Ал сіздің өкілдер жергілікті кәсіпкерлерге қандай көмек көрсетуде?

- «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының негізгі міндеті бизнес құқығы мен мүделерін қорғау, бизнеске қатысты заңдар мен нормативтік қалыптастыру барысында барлық кәсіпкерлер мен бизнес өкілдерінің қамтылуы мен қатысуын қамтамасыз ету болып табылады. Осы бағытта филиал тарапынан шағын және орта бизнес өкілдеріне қаржылай емес көмектер көрсетіледі, арыз шағымдары зертеліп,жауабы беріліп отырады. Кәсіпкерлік бағытындағы елімізде қабылданып жатқан бағдарламалар бағытында 149 жеке және заңды тұлғаларға 392 кеңес беріп, 58 кәсіпкерлік субъектісіне елдегі жағдайға байланысты кәсіпкерлік объктілерін «Info Kazakhstan» сайты арқылы «Ashyq» бағдарламасы бойынша қоғамдық орындарға, мемлекеттік мекемелерге кіру үшін арнайы QR код алуына көмектер көрсетіледі. Сонымен қатар кәсіпкерлерге https://services.atameken.kz/ сайты арқылы кәсіпкерлерге қаржы, маркетинг, құқық, ІТ қызметі, бухгалтерлік есеп бойынша сервистік қызметтер көрсетіледі, «Бизнес мектеп» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді оқыту ұйымдастырылып, сертификат алуына көмек беріледі.

- Болашақ бизнес өкілдерін дайындауда түрлі бағдарлама ұсынып та, арнайы курс өткізіп те жүргендеріңізді білеміз. Соның ішінде, «Bastau бизнес» бағдарламасының өткен жылдағы қарқыны мен айырмасы қандай? Жалпы ерекшелігі неде?

- «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының» 2 бағыты аясында кәсіпкерліктің негіздеріне оқытудыұйымдастыру міндеттелген. 2018 жылдан бастап осы бағдарлама аясында 983 тыңдаушы «Bastau бизнес» курсын бітіріп шықты. 2018 - 2019 жылдары тыңдаушыларға жол ақысы төленіп аудадан орталығында ұйымдастырылып келді. Биылғы жобаның басты ерекшелігі – эпидахуалға байланысты 1 айлық мерзім ішінде үйден шықпай кәсіпкерлік негіздерінен толық білім алады. Олар болашақтағы өз кәсібін таңдап, есебін жүргізуді үйреніп, бизнес жобасын жасап, қайтарымсыз грантқа ие болып, кейін қаржы мекемелерінен төменгі пайызда (6 %) несие алып өз кәсібін бастайды.

- Бұл келешек бизнеспен айналысқысы келетіндер мен идеясы мықты, алайда жұмыссыз жүрген азаматтар үшін таптырмас мүмкіндік сынды. Оған грантты қалай ұтып алуға болады?

- Иә, келісемін. Бұл жоба – кәсіпкерлікке ынтасы бар, бірақ дипломы жоқ жандарға өте қолайлы.«Bastau бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе осы Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіби мамандықта оқуды аяқтаған және бұдан бұрын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде грант алмағандар қатысып, өз бизнес жобасын аудандық мемлекеттік грант алудан үміткерлердің өтінімін қарау жөніндегі комиссияның қортындысымен ұтып ала алады. «Бастау Бизнес» жобасына жас ерекшелігіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамығандар, еңбекке жарамды мүгедектер, оралмандар, көшіп келгендер, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың мүшелері, бизнесі 3 жылдан аз уақыт жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлер қатыса алады. - "Бастау" бағдарламасы басталғалы бері 3 жыл ішінде аудан бойынша қанша адам курстан өтіп, өз бизнес-жоспарларын іске асырды? Жалпы жоба бойынша 2018 жылдан бері 789 адам оқытылып, 315 тыңдаушы мемлекеттен жалпы құны 499,23 млн. тенге грантар мен несиелерге қолы жетіп, өз кәсібін ашты. 2020 жылы – «Bastau бизнес» жобасы бойынша 140 адам оқытылып, оның ішінде 101 тыңдаушы 56,115 млн, тенге грантқа ие болып, 8 тыңдаушы 23,974 млн. тенге несие алып өз кәсібін бастады.

- Бұл бағдарлама арқылы білім алып, кәсіп бастауға ниет еткен азаматтар «Bastau бизнес» туралы не білу керек? Курс бағдарламасы қандай?

- «Бастау Бизнес» бағдарламасында кәсіпкерлік негіздеріне, «Бастау Бизнес» жобасы туралы, ШОБ қолдау шаралары, табысын есептеп, бизнес идеяларды ойлау, маркетингтік зерттеу жасап бизнес жоба дайындау, салық ережелері туралы жалпы 12 модульде 120 сағаттық дәріс беріледі. Оқу барысында тыңдаушы өзі таңдаған кәсібіне бизнес-жоспар жасап, кіріс-щығыстарын есептеуді үйреніп, сол жобасын қорғап, типтік үлгідегі сертификатқа ие болады. Ал кәсібін таңдауда ойланып жүрген тыңдаушылар үшін оқудың толық курсын аяқтағаны жөнінде сертификат беріліп, артынан жобасын қорғауға мүмкіндік беріледі. Ал оны толық бітірген тыңдаушылар өз бизнесін грантар арқылы немесе облыстағы қаржы мекемелері – Ауылшаруашылығын қолдау қорының Атырау облысы бойынша филиалы немесе Атырау несие корпорациясы арқылы төмен пайызбен несие алып өз ісін бастап жатыр. 2021 жылдың тамыз айынан бастап Бастау түлектері үшін «Атамекен» ҰКП мен Атырау облысы әкімшілігі бірігіп құрған «Атамекен Атырау» микро қаржы ұйымы (МФО) қаржыландыру бағытында өз жұмысын бастады. Несие 6 % жылдық өсіммен, мал щаруашылығыны 7 жылға дейін, басқа бизнес жобаларға 5 жылға дейін беріледі. Максимальды сомасы 2,5 мың АЕК, яғни 2021 жылы 7, 2 млн. теңге болады. Керек құжаттар – жеке куәлік, жеке кәсіпкерлігі тіркелгені туралы куәлік, электронды қолтаңба және «Бизнес Бастау» курсын аяқтағаны туралы сертификат және кепілдік құжаттар.

- Ұлыбек Өтегенов мырза, сұқбаттасқаныңыз үшін рақмет!

 

Құрметті оқырман! Осы мақаламен жіті танысып, өз ойыңыздағы кәсіпті ашуға бекінер болсаңыз, құжаттарыңызды Кұрманғазы ауылы, Абай көшесі, 6 үй, Нұр Отан аудандық филиалының ғимаратының 2 қабатында орналасқан кәсіпкерлер палатасына жіберуге болады. Барлық ақпараттар үшін +7 (71233) 2-03-08 нөміріне хабарласуға болады.

 

Сұқбаттасқан Жайдарлым Еркебұланқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521